Қарттықтан қорықпаңыз,  НЕГЕ?  ЕГДЕ КІСІНІҢ МИЫ

Вашингтон университеті, медицина  колледжі директорының тұжырымы бойынша егде адамның миы біз ойлағаннан әлде  қайда #епті екен.

Бұл жаста мидың оң  және  сол жақ бөлігі де керемет үйлесімде қызмет атқарып, шығармашылық қабілеттілігін  арттыра алады. Сондықтан да 60 жастан кейін шығармашылықпен айналыса бастаған тұлғаларды көптеп кездестіре аламыз дейді.

Әлбетте, ми жас кездегідей жүйрік жұмыс істей қоймас, дегенмен, #ширақтықтан ұтылмайды.  Нақ осы жаста дұрыс шешім қабылдап,  жағымсыз күйлерге бойды  аз алдырады. Парасаттылықтың  белсенді әрекетінің шарықтау шегі  шамамен, 70 жасқа жақын, осы шақта ми да толық күш-қуатына енеді екен.

 Мида болатын  #миелина деген заттың күшті әрекет ете бастауы 60 пен 80 жастың арасында болады. Сондай-ақ, 60 жаста адам  миының екі шарын да бір мезетте пайдалана алатын болады. Осы себепті  бұл жастағылар күрделі есептерді тез шығара алады.

Профессор Мончи Уридің айтуынша, егде адамның миы есептер  шешуде  тек дұрыс жолдарын таңдап, қуатын үнемдеуге бейімді екен. Әр түрлі жастағы адамдарға зерттеу жүргізгенде, жастар көп қателессе, 60-тағылар дұрыс шешімін таба алған.

ЕГДЕ АДАМДАРДЫҢ МИ ЕРЕКШЛІКТЕРІ 

  1.   Бұл жаста жұрт ойлағандай ми нейрондары өліп қалмайды, егер үнемі ой еңбегімен айналыспаса,  олардың арасында байланыс үзіледі. 
  2.     Ойдың шашыраңқылығы, #ұмытшақтық ақпараттың тым көптігінен орын алады, сол себепті өмірде  ұсақ-түйекке аз мән берген дұрыс.
  3. 60 жастан кейін  кісі бір мезетте  миының екі жақ қабатын да қолдана бастайды,  жастар біреуін ғана пайдаланады.

  #ТҮЙІН: егер адам салауатты өмір ұстанып, үнемі қозғалыста жүрсе, ой еңбегімен белсенді айналысар болса, жасы келе ойлау қабілеті артпаса, кемімейді, қайта күшейе түседі. 80-90 жаста шарықтау шегіне шығады.

Сондықтан #қарттықтан_қорықпаңыз.

 

Зияткерлік қабілеттеріңізді дамытыңыз, жаңа кәсіпті меңгеріңіз, музыкамен айналысыңыз. Музыкалық аспаптарды игеруге ұмтылыңыз, билеңіз, болашаққа жоспар құрыңыз, достармен кездесіп, қарым-қатынасты арттырыңыз.

 

#Жалғыздықпенжолдасболып, #жаныңыздыжапашектірмеңіз.

 

Өмірден #мағына табыңыз: барлық #игілігім_алда деп сенгейсіз!

  ▪Бұл зерттеу NEW ENGLAND JOURNAL OF MEDICINE журналында дәрігер-психологтардың  кеңесі ретінде жарияланған.

Аударған  Әдемау Толысбаева

2 thoughts on “Қарттықтан қорықпаңыз,  НЕГЕ?  ЕГДЕ КІСІНІҢ МИЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика