САЛТ-ДӘСТҮРДЕН САРҚЫТ

Той малы

Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөнжосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жораларыда көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің біріосы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатынжолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасынақарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудіңабырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкенақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардыңбетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесітүгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

One thought on “САЛТ-ДӘСТҮРДЕН САРҚЫТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика