ЕРТЕГІ АЙТЫП БЕРЕЙІН АЯЗ БЕН МЕЙІРІМ

«Қытымыр аяздың бұл өлкеге ат ізін салмағалы біраз жылдар болған. Соңғы рет қашан келгені есінде жоқ. Әйтеуір бір келіп, малшылардың берекесін алып, балалардың беті-басын шымшылап, бүкіл жерді мұзға орап әлек салып кеткені есінде. Ее, содан бері талай уақыт өтіпті-ау. Биылғы келісін де адамдар жақтырмайтын шығар деп ойлаған. Жоқ, қателесіпті. Оны елейтін тірі жан жоқ сияқты. Бұл тұрмақ, бір-бірін де көрмейтін сияқты. Япыр-ай, мына адамдарға не болған?! Әне бір қария жолдан өте алмай тұр еді, оған көмектескен пенде болмады. Мына бала неге жылап отыр? Киімі де жұқа сияқты. Адамдардың бәрі шұқшиып қолдарындағы заттан көз алмайды. Жүрсе де, тұрса да, отырса да, тіпті ұйқыға жатсада сол пәлеге жабысып қалған. Ең сұмдығы, көздеріндегі от қайда кеткен Құдай-ау?! Бұрынаязды елемей қара балтасын алып отын жаратынжігіттің бойындағы жалын сөніп қалғандай. Сыртта асыр салып ойнайтын бала да көрінбейді. Әне, сары шана мен қызыл шаңғы қаңтарулы тұр. Бұрыыын балалармен ойнаған қызық еді. Олардың бетін қанша шымшыласа да, балақайлародан әрі асыр салып, қар лақтырысып, шанамензуылдап ойнаушы еді. Адамдарға не болғанынтүсіне алмаған аяз енді терезеге өрнек салып, балаларды қуантпақ болды. Ары үрледі, беріүрледі. Мына терезелерге де не болған? Тіпті, әдеміөрнек те салынбайды. Бұрын қандай кереметөрнектер салушы еді. Адамдар тіпті оны «Аяз-шебер» деп атайтын сол үшін.

Осылайша көп жүріп, көп көрген Аяз ендіашуына мінді. Адамдардың бойындағы мейірімніңсуып бара жатқанын аңғарды. Ол қатты ұйытқып, кәріне мінді. Теледидарда дикторлар «Соңғыкездері бұрын-соңды болмаған суық болады. Аязболып, ауа температурасы елу градустан жоғарыкөтеріледі» деп дабыл қағысты. Суыққа шыдамайадамдардың әйнек үйлері шытынай бастады. Әрі-беріден соң көліктер де жүруден қалды. Жылынудың барлық әдісін қолданса да адамдарқатты мұздай бастады.  Жер әлемнің бәрі мұзбасты. Адамдар жан-жақтан дабыл қағып, аяздыңбетін қайтарудың амалдарын іздей бастады. Тек солкезде жер бетінде қалған жалғыз данагөй қарияғана Аяздың не үшін ашуланғанын түсініп, адамдарға ақылын айтыпты: «Аяз адамдардыңмейірімсіздігінен ашуланды. Тез арада жоғалғанмейірімді табыңдар. Сонда бәрі өз орнына келеді» дейді. Адамдар енді жанталасып мейірімді іздейбастайды. Ғаламторды қарайды, кітапты ақтарады, қарамаған жерлері қалмайды, бірақ еш жерден табаалмайды. Амалы құрыған адамдар енді не істерлерін білмей дал болады. Аяз анау, күнненкүнге кәріне мініп. Үскірік ұрып, адамдар далағашығудан қалды. Тіпті үйдің іші даладай азынаптұр. Енді не істемек керек? Сонда әлгі қария тағыақылын айтты: «Қарақтарым, сендер мейірімдіжүректеріңнен іздеңдер, жүректеріңнен…». Адамдар да істі мәнін сол кезде түсінді….Өзотбасының қамын күйттеп, қарт анасына көңілбөлмеген жігіт анасын құшақтады. Анасы оны дәлсәби кездегідей мейірлене құшағына қысты. Жылужүгірді. Күні-түні жұмыс-жұмыс деп үйдің бетін, тіпті бала күтушіге бақтыратын жалғыз ұлдарыныңжүзін көрмейтін  ата-ана балаларын мейірленеқұшағына алды. Баласы  қатты-қатты қуанды. Олсоңғы рет ата-анасының құшағында нәресте кезіндеғана болған еді. Ата-анасына да балапандарынсағынып қалыпты. Екеуі бірдей мейірімін аямайтөкті. Қарт әкесі мен анасын қараусыз қалдырғанұлдары балалық шағы өткен үйлеріне келіп, қарияларды құшақтады. Көптен бері ұлдарынкөрмеген қариялар кеңкілдеп  тұрып жылап, ұлдарын құшақтады. Ұлдары да өздерін дәл бала кездегідей сезініп, әке-шешесінің құшағына еніпкетті. Шүйкедей қариялардың құшағы әлі де кеңекен, он ұлын мейірлене құшағына алды. Бір-бірімен араздасып, араласпай кеткен бауырлар да жер бетінің түкпір-түкпірінен келіп, бір-бірін қалайсағынғандарын айтып, құшақтасып, жылап жатты. Бір құрсаққа сиып, кең әлемге сиысы алмағанөздерін жазғырды. Ендігәрі ешқашаналыстамаймыз деп уәделесті. Суық сөздің кесіріненараларынан қара мысық жүріп өткен достар да бір-біріне құшақ жая жүгірісті. Көршісіне кірмегеліжылдың жүзі болған апай, үйіндегі бар дәмдісіналып көршісіне жүгіріп, онмен көрісті. Көшедеотырған баспанасыз жанды көрген адамдардыңбарлығы дереу үйлеріне барып жылы киім, ыстықас әкеліп, оған  қамқорлық танытты. Адамдарданкөптен бері мұндай мейірім көрмеген жан көңілібосап қуаныштан жылады. Ата-анасыз қалғанжетім мұңлықтың басынан сипаған қолдаржүректерді жібітті. Бір-бірімен дүниеге бола соғысып жүрген елдер де қаруларын тастап, отбасыларына оралды. Осылайша, жер бетінемейірімділік қайта тірілді. Миллондаған жүректеншыққан мейірім, ашулы аяздың арынын басып, сабасына түсірді. Осылайша, мейірімді аяздыңарқасында адамдар мейіріммен қайта қауышты….»

Аяз қандай мейірімді еді, — деді кішісі. — Мен енді аязды жек көрмеймін.

— Мен де….- деді үлкені.

3 thoughts on “ЕРТЕГІ АЙТЫП БЕРЕЙІН АЯЗ БЕН МЕЙІРІМ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика