ШЕШІЛІП АЙТСА ТІЛ ЖҮЙРІК

Тұрды  Әлсейіт  1949-жылы  Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Жамбыл атындағы колхозда  дүниге келген.  Ташкенттегі  Низами атындағы  педагогикалық инистуттың қазақ тілі жөне өдебиеті бөлімін  сырттай оқып  бітірген.  Кейіннен Мақтаарал  агробизнес колледжы техникумының агрономия бөлімін бітіріп, ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп эейнеткерлікке шығады.  

Ол өлең жазуды мектеп оқушысы кезден бастайды. Өлеңдері аудандық, облыстық , республикалық басылымдарда жарық көрген. «Жетісай әуендері»,  «Теңіздің дәмі тамшыдан»,  «Жеті серінің жазғаны», «Жыр додасы», «Үш арна» жыр топтамаларына өлеңдері енген. «Ой иірімдері», «Шуақты күз» және  «Жүрегіңді тыңда»  кітаптарының авторы

 

Қарттық жайлы    жыр

 

Жастық шақ қайран күнім  артта қалған,

Жүргізбей    кескестейді тірлік азбан,

Қарттықтың жүрер жолы қалың тұман,

Таппайсың жанашырды қолын созған.

 

Тірліктің  табалмастан төте жолын,

Мүлт кетсең дей бергін ол онда сорың.

Жақсы ой, жақсы сезім көзден ұшты,

Маздатып қыздыратын шабыт шоғын.

 

Бұл қарттық сені еркіне жібермейді,

Оң солды есеп алып түгендейді.

Көңілің бұрынғыны аңсағанмен,

Уақыт ноқта салып жүгендейді.

 

Амал не бұғандағы шүкір дейік,

Жүрмесін тірлік бізге сыртын беріп,

Қарттықтың оз жолы бар, қағидасы,

Жүрмесін қандай қарт деп жұртың кейіп.

 

Сағым   ойдың арасында мекенім.

 

Ажарлы  ойым,базарлы ойым қайдасың

Жолда келем Тәңір ұлын қолдасын.

Сүмбіл ойдың кемесінде шайқалып,

Іздеп келем ақиқаттың ордасын.

 

Тағдыр дауыл ұйқы- тұйқы белес қүн,

Қарсыласпен бәсең түстім егестім.

Жайсыз жүріс бәрі қалды жайына,

Құран оқып Тәңіріммен кеңестім.

 

Сағым ойдың арасында мекенім,

Белгісіз ол жүретінім неше күн.

Сыйынарым, сүйенерім бір  Алла,

Таза оймен мақсатыма жетемін.

Кетсем кейін  кетермін ….

 

Жарайсың риза   Димаш  халқың  саған.

 

« Димаш Құдайбергеннің  Нью-Иорктегеі  концертін көргеннен кейінгі ой»

 

Па, шіркін неткен дауыс, неткен әуен,

Талантына таң қалды  бүткіл    әлем.

Анаңнан сені туған айналайын,

Жеткендей   күй кештім-ау көкке төбем.

 

Әніңмен көкке өрледің жайып қанат,

Талайдың биіктедің алдын орап.

Қосылып әніңді айтып  шетелдіктер,

Таң қалды  талантыңа басын шайқап.

 

Жарайсың риза Димаш елің саған,

Сиқырлы  әуеніңе ел қанбаған.

Шет елде сені аспанға көтерседе,

Өз еліңде беріліп жүрме бағаң?

 

Мазалайды осы ой кейде мені,

Жақсы емеспе таланттың  өрлегені.

Дауысы бір шақырымға жететұғын,

Жалғасы Әміренің Димаштай ұлы келді.

 

 Қол соғып риза болды елдің бәрі,

Жүректерде  өнгендей  әннің дәні.

Шет елді өнеріңмен таң қалдырдың,,

Жанғандай  өзіңменен    әннің бағы.

 

Х          Х          Х

 

Сусып күндер өтуде, сусып жылдар,

Бастан өтті қуаныш қанша  мүңдар.

Кім біледі қай жерден қателестім,

О, Тәңірім ісімді өзің оңғар.

 

Жақтым рас бақыттың шамшырағын,

Жетер жерге жете алмай алқынамын.

Өлең жазып шерімді  тарқатамын.

Деген ой  жоқ әзірше сарқыламын.

 

Немерем бар,  шөберем алтындарым,

Мен солардан қуат ап жарқылдадым.

Жетпістіңде шығыппын мен төріне,

Ата берсін әрдайым алтын таңым.

 

Бұйырса деп тілеймін тәтті ғұмыр,

Бұл өмірден көргенде  кейде ығыр.

Ойым дұрыс ешкімге зияным жоқ,

Теріс айналып кетседе көңіл шығыр.

 

Тіршіліктің  қайтаршы сыралғы әнін.

 

О, Алла кешір қате кетсе бізден,

Өмірден кім бар екен күдер  үзген.

Мына обыр кесел індеттің түрі жаман,

Жаңылыстырды көп жанды жүрер ізден.

 

Үрей билеп көңіл күй бәсең түсті,

Бұл індеттен көп жандар ажал құшты.

Сақтық керек үйіңнен шықпа –дейді,

Қыспаққа алды бұл ғұмыр неткен сұсты.

 

Сынағы ма бұл әлде бір Алланың,

Пейілдің сезді мен әлде қуарғанын.

Кешірімді едің ғой пендең үшін,

Тіршіліктің қайтаршы сыралғы әнін.

О, Тәңірім!!!           

Х           Х          Х 

 

Апыр-ай, бұл уақытқа  не дерің бар,

Өркендеп өсіп өн де керегіңді ал.

Кеше жүрген біздер де боз бала едік,

Тыныш өмір,  сүйкімді жегенің бал.

 

Сұмдық-ай, қарттық келді мықшыңдаған,

Көз қайда, мінез қайда ұшқындаған.

Сабыр бер сабыр сақта, қайран көңіл,

Бізге деген кәрілік сұстың жаман.

 

Сиреді қатарымыз дара-дара,

Келетін кезде келді о,Тобаға.

Әңгіме бір жерден ол болсын дейтін,

Аңсаймыз ағаларды алтын жаға.

 

Қартыққа мойын бұрдық қанша амалың,

Тірліктің бұзып кіріп тар қамалын.

Аталап сыйлап жатса кейігі жас,

Басылар қуат артып  шаршағаның.

Осы емеспе қартым-ау аңсағаның.

.

 

Х          Х          Х

Сан тарау жолдан өттік  өмір қызық,

Тастайтын жерлері көп сені сызып.

Сабыр сақтап сен алға ұмтыласың,

Көрген күнің сүйкімсіз быжық-тыжық

 

Көңіл көктем, көңіл жаз сонда дағы,

Шықсам деумен биікке қамданады.

Қарттық келді жастығың   көзден ұшып,

Өмірге көңіл жүйрік паң қарады.

 

Сан ойдың ақтарсамда  қатпарларын,

Шамалы керек жерін  ап қалғаным.

Дүлей күш, дүлей сезім мазалайды,

Жанымның ұрғылаумен жақпар тауын.

 

Қайсар ой, қайсар сезім жақтасым боп,

Өзіне тиемелін ап қалсын деп.

Өлеңім өнерім бар, ойым таза,

Тәңірім жамандықтан сақтасын тек. 

 

Өлең жазып  өмірге көрік берем.

Шақырады алыстан тың ой мені,

Тұнығынан нәр алып сезім көлі.

Тарықсамда маңдайым тасқа тиіп,

Жатсынбайды сондада өмір төрі.

 

Солай досым, мен солай жаратылғам,

Тағдырыма Тәңірім ара тұрған.

Тұзым жеңіл адаммын кешір мені,

Таппай кейде қиналам жанашыр жан.

 

Сондада қиындыққа төзіп келем,

Шер толғап, іңкәр ойға ерік берем.

Ой таза, жүрек таза, сезім таза,

Өлең жазып өмірге көрік берем.

 

Мәңгі өзіңмен біргемін  уақыт мұңдас 

 

Кейде мен ұнатамын  жалғыздықты,

Сырласар жанды таппай көңіл мұңды.

Жанымның қыл пернесі үзілердей,

Серік қып сактап    келем төзімдікті.

 

Ашылам сырлас жанға жеңілдеп бір,

Ой қазанды қырмалап көңіл кәпкір.

Көзден ұшты қайран күн, қайран жылдар,

Қартайсамда бұл жаным сусындап тұр.

 

Солай досым түсін сен түсінбегін,

Тап дейтін жан емеспін ішімдегін.

Сыртқа шерді шығарам өлеңіммен,

Оңалмасын, оңалсын ісім менің.

 

Жалғыздықты ұнатам кейде рас,

Ей көңілім сұранам бір пәс шыдаш.

Ой көлімнің тұнығын былғамашы,

Мәңгі өзіңмен біргемін уақыт мұңдас.

 

8 thoughts on “ШЕШІЛІП АЙТСА ТІЛ ЖҮЙРІК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика