ЕҢБЕК-ЫРЫС, ЖҰМЫС-ТАБЫС

Жұмыссыздықпен күрес бүгінгі таңда ел саясатының негізгі бағыты. Өйткені әрбір отбасыдағы жайлы тұрмыс, берекелі өмір азаматтардың еңбегі мен табысына байланысты.Қазақстан жұртшылығын толғандырғанжұмыссыздық мәселесі туралы ел ПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаев үкіметке түпкілікті нәтижеге бағытталған нақты тапсырмалар жүктеді. Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы экономиканың жай-күйі мен елдегі ішкі тұрақтылықты сақтаудың маңызды құралы деп атап өтті. Осыған байланысты   ендігі жерде жұмыссыздықтың алдын алу және оны азайту ұлттық деңгейде шешілетін болды. Бұл әсіресе халық көп шоғырланған аймақтардағы әлеуметтік мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік бергелі отыр.  

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ел Президентінің тапсырмасына орай әзірленген «Ұлттық жоспар» аясында 1 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты. Оның  ішінде 800-дей азамат тұрақты әрі ақылы жұмыстарға тартылса, қалғаны «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламалары бойынша еңбекке араласқан. 2022 жылы «Жастар практикасын» Сарыағаш ауданында ұйымдастыруға  республикалық бюджеттен 551миллион 340 мың теңге қаржы бөлінді. Соның нәтижесінде жыл басталғалы екі айдың ішінде 247 жас маман жұмысқа жолданып,  102 жұмыс берушімен келісім жасалды. Екі айда 16 миллион 846 мың теңгесі игерілген.

«Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша еңбекке араласқанның бірі сарыағаштық Бағила Мырзатаева. Былтыр жоғары оқу орнын бітірген жас маман бірден жұмысқа орналаса алмады. Әлеуметтік бағдарламаның  арқасында биылғы жылдың ақпан айынан бастап Сарыағаш қаласы әкімдігінің коммуналды шаруашылық бөліміне маман болып қабылданды. Айына 91 мың теңге жалақысы бар.

«Жастар практикасына» енгізілген өзгерістің тиімді жақтары бұрын жас маман 6 ай тұрақты жұмыс істейтін болса, енді ол 12 айға дейін созылды. Сонан соң жалақысы да көтерілді. Болашағыма енді алаңдамаймын. Өйткені он екі айдан соң  осы жерде тұрақты жұмыс істеуіме мүмкіндігім бар,-дейді Бағила Мырзатаева.

Биылғы жылдың ақпан айынан бастап Сарыағаш ауданында Бағила секілді 250 жас маман«Жастар практикасы» бойынша еңбекке араласты. Сондай-ақ 134 азамат мемлекеттің қаржылай грантына ие болып,   кәсіп ашты. Соның бірі Жасұлан Дүйсек. Компьютер мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тамамдаған ол мансап іздеп, қызмет қуған жоқ. Еңбек етемін деген жанды қай кезде де алға ұмтылдырып, тірлігін өрге бастыратын   нартәуекел ғой.  Ол 583 мың теңге қайтарымсыз  қаржыға керекті құралдарын сатып алды. Бизнес жоспарына сай электр қозғалтқыштарын жөндейтін шеберхана жасақтап, қазір халыққа қызмет көрсетуде.

Істің көзін таба білгеннің қай кезде де тірлігі оңғарылады емес пе. Пайдаға да кенелесің. Бизнес өте жақсы ғой. Ертең тағы да қаражат бөлінсе немесе өз қаражатым көбейіп жатса мұны ары қарай үлйкейтіп, ғимарат ашсақ кем дегенде 5-6 адамды жұмыспен қамтуға әбден мүмкін. Тұрақты кәсіп-берекелі нәсіп. Ал сол несібе қай кезде де  адал еңбек және қажырлы қайраттың арқасында келеді,-деген кәсіпкер өз кәсібінің қыр-сыры туралы әңгімелеп берді.

Сарыағаш ауданында кәсіп ашамын деген мұндай жастар биыл 200-ден асып отыр. Мұнан бөлек тағы 320 азамат кәспкерлік негіздерін үйренуде. Аймақта сондай-ақ кейбір мамандық иелеріне де қажеттілік бары анықталған. Сарыағаш ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Динашованың айтуынша аймақтағы 250 жұмыс берушіге сұраныс хат жіберіліп, оларда 500 жұмыс орнының бос тұрғаны анықталған. Бұл мекмелер негізеген  медбикелер, мұғалімдер,  есепші, құқықтану  секілді мамандарға зәр.  

«Ұлттық жоба аясында биыл Сарыағашта жыл соңына дейін 5 мыңнан астам азаматты жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Оның 70 пайызы жастар. Межелі іс сәтімен жүзеге асса жастар арасындағы жұмыссыздық биыл 2 пайызға азаятын болады.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың келесі бағыты азаматтарды еліміздің солтүстік өңірлеріне өз еркімен қоныстандыру. Қазағы қалың, халқы көп Сарыағаш ауданынан еліміздің Солтүстігіне бет алған көш әлі де жалғасып жатыр.  Былтыр 54 отбасы, яғни 207 адам теріскейге жайғасса, биыл тағы да 18 адам қоныс аударуға бекініп отыр.  Олардың дені сол өңірде сұранысқа ие мамандық иелері. Бұл азаматтар қазір өңірдегі құрылыс, білім беру, ауыл шаруашылығы мен медицина саласында  еңбек етіп жатыр. Тағы біразы жеке кәсіп ашып, тірлігін дөңгелентуге кіріскен. Бұл азаматтардың тәуекелге баруына мемлекеттік қолдауы түрткі болды. Оның үстіне солтүстіктегі бірнеше облыстың өкілдері осында еңбек жәрмеңкесін өткізді. Арнайы сапар ұйымдастырып, еңбек нарығындағы жағдайымен танысып келуіне жағдай жасады.

2021 жылы аймаққа Cолтүстік және Павлодар облысынан құрамында әкімдік және әлеуметтік саланың 43 қызметкері бар  12 делегация келді. Ол Сарыағаш ауданы тұрғындарымен 6 ауыл округіндежәне жұмыспен қамту орталығында 5 рет кездесу өткізді.  

Биылғы мәлімет бойынша Солтүстік өңірінің жұмыс берушілері 158 бос жұмыс орнына маман мен жұмысшы іздеуде. Ол туралы ақпараттар арнайы стендке ілінген, солтүстік өңірлерден аудандар туралы мақала аудандық газетте, әлеуметтік желілер мен  «СӘТ» телеарнасындажариялануда.

АТЖ ақпарат

One thought on “ЕҢБЕК-ЫРЫС, ЖҰМЫС-ТАБЫС

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика