ЖОЛДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

 

Қонаев және Рысқұлов даңғылдарының қиылысындағы жолайырықта пайда болған шұңқырлар мердігер мекеме тарапынан жөнделеді. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне бүгін Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Ержан Жолдасов мәлімдеді.
Тұрғындардың жол сапасына қатысты сын-талаптарына жауап берген басқарма басшысы қазіргі уақытта бұл жолайырығындағы жұмыстар толық аяқталмағанын түсіндіріп, жаяу жүргіншілер өткелі мен жолдың аумағы абаттандырылып жатқанын мәлімдеді. Ал жолайырықтың өзі көлік қозғалысын жақсарту мақсатында 2021 жылғы желтоқсанда мерзімінен ерте ашылып отыр.
– Қазіргі уақытта жолдың бойындағы олқылықтарды жөндеу мақсатында тиісті іс-шаралар орындалуда. Ол үшін мердігер мекемеге басқарма тарапынан нұсқаулар берілді. Абаттандыру және жол жамылғысы бойынша барлық жұмыстар нормативтік-техникалық құжаттамаларға сәйкес ауа райы қолайлы мерзімде басталады, – деді Ержан Жолдасов.
Тиісті жұмыстарды аяқтау биылғы мамыр-маусым айларына жоспарланған.
«Шымкент келбеті» – Нұрлан Бектаев

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

7 thoughts on “ЖОЛДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика