«Qaisar» әскери-патриоттық жобасы болды

 

«AMANAT» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойынының іріктеу кезеңіне 10 және 11 сыныптардың 1700-ден астам оқушысы қатысты.

◽️Нағыз әскери өмірдің қыр-сыры, жүгіру мен жүзуден спорт жарыстары, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбындағы викторина — еліміздің барлық өңіріндегі жоғары сынып оқушылары «Qaisar»-дың финалына шығу үшін сайысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру.

«Жастар өздерінің физикалық дайындығын, ерік-жігері мен төзімділігін көрсетті. Бұл ойындар оларды салауатты өмір салтын ұстануға ғана емес, өздері үшін, жақындары үшін, Отаны үшін жауапкершілікті сезінуге де баулиды. Сол арқылы жастардың бойында патриоттық рух қалыптасады», — деп атап өтті «AMANAT» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Сонымен қатар, еліміздің жоғары сынып оқушылары үшін Отан қорғаушылар күніне орайластырылған «Сарбаз болғым келеді» акциясы өтуде. Ол әскери бөлімдердің аумағында ашық есік күндері түрінде өтіп жатыр.

◽️«QAISAR» диалог алаңы да ерекше назар аударуға тұрарлық. Онда оқушылар әскери қызмет туралы сұрақтарына жауап алып, қазақстандық сарбаздардың, офицерлер мен ерлік көрсеткен азаматтардың батырлығы туралы мәліметтерге қаныға алады.

«Біз бұрын өзіміз де білмеген жаңа қырларымызды ашып жатырмыз. Бір-бірімізбен таныстық, жаңа достар таптым. Мұндай жарыстар тек денемізді шынықтырып қана қоймай, бойымызда жоғары моральдық қасиеттерді де қалыптастыратыны анық», — деп өз әсерімен бөлісті Батыс Қазақстан облысынан келген қатысушы Николай Ленский.

Айта кетейік, биыл 4, 5 мамыр күндері Нұр-Сұлтан қаласында финалдық кезең өтеді. Оған 102 финалист қатысады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Естеріңізге сала кетейік, партияның жастар қанаты «Qaisar» әскери-патриоттық жобасын іске қосатыны туралы осы жылы 1 наурызда өткен «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXII съезі барысында айтқан болатын.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова.

12 thoughts on “«Qaisar» әскери-патриоттық жобасы болды

  1. 989084 230822The next time Someone said a weblog, I hope that it doesnt disappoint me just as much as this. Come on, man, I know it was my choice to read, but When i thought youd have some thing intriguing to say. All I hear is actually a handful of whining about something you could fix within the event you werent too busy searching for attention. 262137

  2. 19390 663736Once I originally commented I clicked the -Notify me when new feedback are added- checkbox and now every time a remark is added I get four emails with exactly the same comment. Is there any indicates you possibly can remove me from that service? Thanks! 840982

  3. 516747 780748Thank you for your extremely good info and respond to you. I need to verify with you here. Which isnt 1 thing I often do! I get pleasure from reading a publish that can make people feel. Furthermore, thanks for permitting me to remark! 275737

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика