ҰЛТ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ТАРИХИ ШЕШІМДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

 

Қазақстанның алдында тұрған қазіргі ең басты міндет – толыққанды ұлттық-демократиялық мемлекетке айналып, тек қана заң үстемдік ететін әділетті қоғам орнату. Бірақ, бұл бір ғана билік немесе мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаруа емес, мұндай елдік мақсатқа қол жеткізу үшін бүкіл қоғам күш біріктіріп, тізе қосып әрекет етуі керек. Бір сөзбен айтқанда, бізге ұлттық бірлік керек. Ал, бірлік қайткенде болады? Елдің ішкі бірлігі бекем болуы үшін барлық саяси партиялар, қоғамдық инстиутттар мен ұйымдар және қатардағы азаматтар өз ой-пікірін ашып айтып, идеялары мен ұсыныстарын ортаға салу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Міне, осындай сындарлы қоғамдық диалогты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылдың 14 маусымында Ұлттық құрылтай құрылды. Ол ҚР Президентінің жанындағы консультативті-кеңесші орган мәртебесіне ие болды. Оның басты міндеті ашық қоғамдық диалогтың институтционалды моделін қалыптастыру болатын.

Менің ойымша, бұған дейінгі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіндегі пікірталастардың тақырыбы негізінен ағымдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар және саяси реформалар мәселесі болса, ал, Ұлттық құрылтайда талқылау тақырыбы жалпыұлттық құндылықтар негізінде қоғамның бірлігін бекемдеу және мемлекетті одан ары дамытуға қатысты ұзақмерзімді сипаттағы мәселелер болып отыр.

Ұлттық құрылтай билік пен халық арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқара отырып, ұлтты біріктіре түсетін тың әрі рационалды идеяларды талқылайтын алаңға айналып келеді. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтай барлық өңірлердегі Қоғамдық кеңестерді өзінің маңына топтастыра отырып, аталған ұйымдардың орнықты түрде дамуына да ықпал етіп келеді. Құрылғанына ұзақ уақыт өтпесе де ол азаматтық қоғам өкілдері, үкіметтік емес сектор, саяси партиялар мен мемлекеттік органдар арасында конструктивті диалог орнауына ықпал етіп, бүкіл қоғамның ұлттық құндылықтар арқылы бірігуіне елеулі ықпалын тигізе бастады.

Ұлытау өңірінде өткен алғашқы құрылтайда Президент елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды конституциялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың мән-мағынасын көпшілікке түсіндіріп, жаңа технологияларды қолдана отырып аталған реформаларды жүзеге асыру ісіне қалың бұқараны тарту жайын әңгімеледі. Сонымен бірге Мемлекет басшысы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, латын әліпбиіне көшудің қыр-сыры және 25 қазан – Республика күніне ұлтық мереке мәртебесін беру секілді бірқатар өзекті мәселелерді қозғады.

Ұлттық Құрылтайдың екінші отырысы исі қазаққа қастерлі шаһар Түркістанда өтіп, онда мемлекеттік нышандарды жетілдіру, ұлттық сананы жаңғырут, жас ұрпақтың тәрбиесін жетілдіру, еңбек адамының мәртебесін көтеру мен мемлекеттік ақпараттық саясаттың тиімділігін арттыру секілді мәселелер сөз болды.
Қорыта айтқанда, Ұлттық құрылтай — ел дамуына қатысты келелі мәселелер талқыланып, ұлттың болашағын айқындайтын тағдырлы шешімдер қабылданатын кеңеске айналып келеді.

Бауыржан ӘЛТЕЕВ,
Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

7 thoughts on “ҰЛТ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ТАРИХИ ШЕШІМДЕР ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҚАБЫЛДАНАДЫ

  1. I am really loving the theme/design of your blog.

    Do you ever run into any internet browser compatibility problems?
    A small number of my blog visitors have complained about my site not operating correctly in Explorer but looks great in Safari.
    Do you have any advice to help fix this problem?

    Feel free to surf to my blog post … vpn special code

  2. Today, I went to the beach with my children. I found a sea
    shell and gave it to my 4 year old daughter and said «You can hear the ocean if you put this to your ear.» She placed the shell to her
    ear and screamed. There was a hermit crab inside
    and it pinched her ear. She never wants to go back!
    LoL I know this is totally off topic but I had to tell someone!

    Feel free to surf to my web blog; vpn coupon code 2024

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика