«Шеврон» Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөледі

Алматы, Қазақстан 2024 ж. 8 сәуір «Шеврон» корпорациясы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» филиалы (бұдан әрі – «Шеврон») арқылы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек ретінде 3 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді.

«Ұзақ мерзімді серіктесі ретінде «Шеврон» Қазақстанғасу тасқынының ауырзардаптарын еңсеруге жан-жақтыкөмекберуге дайын, деді «Шеврон» Еуразиябөлімшесінің басқарушы директорыДерек Магнесс. Біз халықтың шұғыл қажеттіліктерін қамтамасыз етуүшін осыресурстардың қажет екенін түсінеміз. «Шеврон» компаниясы Қазақстан халкынаайнымасқолдауын білдіреді».

30 жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап «Шеврон» елдегі әлеуметтік жобаларға 460 миллион доллардан астам қаржы бөлді. Компания 2020 жылы Қазақстанға 20 миллион АҚШ долларынан астам сомаға медициналық жабдықтар мен дәрілік заттар сатып алып, коронавирус пандемиясына қарсы күресте қолдау көрсеткен алғашқы шетелдік компаниялардың бірі болды.

Нәзия Жоямергенқызы.

One thought on “«Шеврон» Қазақстандағы су тасқынына қарсы күреске 3 миллион АҚШ долларын бөледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика