ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ АДАЛ ТҰЛҒА БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУҒА НИЕТТІ

Бүгін Түркістан жоғары медицина колледжінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жастар адалдық пен парасаттылықты таңдайды» тақырыбында іс-шара өтті.


Студент жастармен өткен шараға арнайы қатысқан «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова Үкіметтің №358 қаулысымен бекітілген Жобалық басқарудың негізінде «Үлгілік базалық бағыт-4» жобасы қолға алынғанын жеткізіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелінің туындау себебін анықтауға, бармақ басты әрекеттерді болдырмауға басымдық беріліп жатқандығын атап өтті.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың ел ертеңіне тигізер зардабы мен залалы бойынша толымды ақпарат беріп, жастарды адал тұлға болып қалыптасуға шақырды.

Шара аясында Түркістан жоғары медицина колледжінің «Саналы ұрпақ» кеңсесінің атқарған жұмыстары баяндалып, Студенттік парламенттің жанынан ашылған «Ақиқат пен аңыз» дебат клубының «БП саналы ұрпақты бала кезден тәрбиелеу керек деп есептейді» тақырыбындағы дебат ойыны жиынға қатысушылар назарына ұсынылды.

Дебат алаңында жеңіске жеткен «Qazaq republic 1465» фракциясының мүшелеріне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің дипломдары табысталды.
АТЖ ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика