Жаңа Қазақстан – Дала демократиясының бірегей мұрагері

Күні бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Парламент қабырғасында саяси реформалар жөнінде халыққа кезекті жолдауын арнады. Бүгінгі жолдаудың маңызы айрықша. Мемлекет басшысы өз сөзін: «Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», – деп бастады. Иә, Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл сөзінде үлкен саяси салмақ жатқанын айқын аңғарамыз. Бүгінгі заманның келбеті басқа, мақсаты айқын. Себебі, бүгінгі дәуір сөздің емес, нақты істің уақыты екендігін анық көрсетуде. Ұлы Абай сипаттағандай:

Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
дегендей, жаһандық замана келбетінің ағымы бөлек, аламаны ерек. Бүгінгі дәуірдің тарихи болмысы Жаңа Қазақстанның болашағын ойландырмай, толғандырмай қоймасы анық.
​Жолдауда осыған сәйкес қайта құрудың басты 10 бағыты айқындалды. Бұл бағыттардың саяси мәні терең, Халық үніне құлақ асатын тетіктердің негізін қалау, шынайы демократияланған мемлекеттің саяси тұжырымдамасын саралау.
Президент Сайлау өткізу жүйесін жетілдіру қажет екеніндігін де баса айтты. Бұл туралы: «Біз осыдан 15 жыл бұрын конституциялық реформа аясында мәжіліс депутаттарын пропорционалды тәсілмен сайлауға көштік. Ал 2018 жылдан бастап мәслихат депутаттарын да осы үлгімен сайлайтын болдық. Бұл қадамдар еліміздегі партиялық жүйені дамытуға тың серпін берді. Алайда оның жағымсыз тұстары да байқалды. Партияда жоқ азаматтар мәжіліске ғана емес жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайтын болды. Мұны ашық мойындауымыз қажет. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді» деді. Саяси реформада көтерілген тағы бір мәселе, Президент туыстарының лауазымды қызмет атқаруына тыйым салу туралы: «Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады», – деп шешім қабылдады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту мүмкін емес екенін баса назарға алды. Өз сөзінде: «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», – деді.
​Ұлттық рухымызды асқақтатып, елдіктің еңсесін көтеретін, тарихи санамызды түлететін жағымды жаңалық – Президент өз жолдауында жаңа облыстардың пайда болуын идеологиялық тұрғыда көтерді. Атап айтқанда, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын құруды тапсырды. Осылардың ішінде күллі Түркі тарихының ұйытқысына айналған – Ұлытау. Ұлытау — тарихи санамыздағы ірі сілкіністер орын алған қасиетті мекен. Ұлытау – ұлы даламыздың кіндігі. Баһадүр бабаларымыз бен данагөй кемеңгерлеріміздің ұйысқан ошағы. Кешегі Ер Едігелер атой салған қастерлі мекен. Мемлекет басшысының бұл шешімі қазақ руханияты үшін іргелі бетбұрыстың негізі десек артық айтқандық емес. Саяси реформада көтерілген ілкімді, рухани мәселенің бірі – Алматы облысының орталығы Қапшағайда орналасуы керектігі және дәл осы Қапшағайға қазақтың дара тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың атын беру ұсынысы түссе қолдайтынын атап өтті. Бұл ұлт руханияты мен идеологиямыз үшін тарихи маңызы бар уақиға болды.
​Мемлекет басшысының жолдауында негізгі айтар түйінді ойы Қазақстанды жаңғыртуға келіп тірелді. Бірақ ел жаңару үшін өзіміз жаңаруымыз керек. Ол үшін рухани тұрғыдан Тәуелсіздіктің қадірін біліп, саяси салқындылық пен байыпты белсенділік керек. Өйткені данышпан кезінде:

Біріңді қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос, –

деген еді. Президент өз жолдауында өте ауқымды мәселелерді қозғап «Мен үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі» бәрінен қымбат дей келе дала демократиясының бірегей мұрагеріне айналған Жаңа Қазақстанды бірге өркендетуге шақырды.

Дария Қожамжарова,
М.О.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры,
ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор

11 thoughts on “Жаңа Қазақстан – Дала демократиясының бірегей мұрагері

  1. 189444 763224Aw, this became an incredibly good post. In concept I would like to set up writing like that additionally — taking time and actual effort to produce an excellent article but what / issues I say I procrastinate alot via no indicates appear to get something completed. 651592

  2. I don’t know if it’s just me or if perhaps everyone else encountering problems with your blog.
    It appears as if some of the text in your content
    are running off the screen. Can somebody else please
    comment and let me know if this is happening to them as well?
    This could be a issue with my internet browser because I’ve
    had this happen previously. Cheers

    My web site … vpn special code

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика