Жарқын сәттердің жаршысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы ертеңге деген сенім тұрғысынан қарағанда, тура осылай бағалауға болатын тарихи құжат болды.

Бұған дейін Қазақстан Пре­зидентінің Жолдауы жылына бір-ақ рет жарияланып келсе, Қасым-Жомарт Кемелұлы биыл ел назарына екі Жолдау ұсынды. Мұның өзі тарихи реформалар алдында тұрған еліміздің саяси самарқаулықтан арылуға бет бұрғанын көрсетсе керек. Өйткені әлемді абдыратып отырған геосая­си ахуалдың салқыны біздің елді айналып өтуі мүмкін емес. Бүгін­гі Жолдау осынау сын-қатерлер ықпалына қарсы тұру шараларын қамтуымен дараланды.

Әділетті Қазақстан құрудың сара жолын салмақтаған Прези­дент Жолдауы ел экономи­касының тарихи мүмкіндіктерін тамы­рынан талдап, даму нәтиже­лерін қарапайым халық көруі керек­тігін нақтылап берді. Мәсе­лен, Ұлттық қордағы инвести­циялық түсімнің 50 %-ын 2024 жылдан бастап еліміздің 18 жасқа толмаған азаматтарының жеке есепшотына аударуы, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 болып белгіленуі елдегі әлеуметтік теңсіздікті жоюға, ел байлығы игілігін барлық азаматтар көруіне септігін тигізері даусыз.

Сондай-ақ сот жүйесі мен құқық қорғау саласын, ауыл шаруашылығы секторын реформалау бойынша ұсынылған негізгі бағыттар Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи қадамдар болғанын баса айтуымыз керек.

Түйіндей айтқанда, Прези­денттің осы жолғы Жолдауы ел күткенді еңсерді. Мемлекет басшысының өкілетті мерзімін жеті жылға ұзарта отырып, сайлану мерзімін бір мерзіммен шектеу бастамасы да билікті монополиялау үрдісін ретке келтіру мүмкіндігін тарих сахнасына алып шықты. Жеті жыл – аз мерзім емес. Реформалар мен бағ­дарламаларды жүзеге асыру мүмкіндігіне жеткілікті мерзім. Сонымен қатар Президент сайлауы мен Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу мәселесі де қоғам мен бұқара халық күткен саяси реформалардың алғашқы қадамы.

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Инфографиканы жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

 

Ескі мен жаңаның ортасынан жаңғыру жолын айқындап, жарқын сәттердің жаршысына айналған Жолдау билік тармақтарына ғана емес, барша  қазақстандықтарға тарихи жауапкершілік жүктейді. Сайлаудағы таңдау еркіндігін пайдалану, нашақорлық және есірткі саудасына тосқауыл болу, жемқорлықтың жолын кесу секілді қоғам серпілісінің нәтижелері баршамызға ортақ құндылық. Мемлекет басшысы осынша ауқымды міндеттер мазмұнын ұлттық деңгейдегі жауапкершілік санай отырып, өзі үшін де Отанның дамуы мен игілігінен асқан құндылық жоқ екенін қадап айтты.

Жаңғыру, жаңару табал­дырығында тұрған Қазақ­станның гүлденуі –  баршамыздың бақуат­ты тірлігіміз. Ендеше, Прези­дент айтқандай, «Бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығара» отырып, жарқын болашақ үшін жұмыла күресейік!

 

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,

Amanat партиясы Қарағанды облыстық филиалының атқарушы хатшысы

 

Қарағанды облысы

One thought on “Жарқын сәттердің жаршысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика