ЕСІМІҢ МӘҢГІ ҚАЗАҚ ЖҮРЕГІНДЕ

 ​​Өміріммен өтер болды-ау бұл өлең,

 ​​Бір маза жоқ, кілем тоқып гүл өрем.

  ​​Асқар тауға ақша бұлт болып қонақтап,

  ​​Қара жерге қара аспандай түнерем.

  ​​Өміріммен өтер болды бұл өлең.

  ​​Таңмен атып,күнмен бірге батамын,

  ​​Таусылмайды,бітпес сірә сапарым.

  ​​Өзегінде өлең ағып жатпаса,

  ​​Өгейситін сияқты осы Отаным…

  ​​Жанып өтем, жанбай қайтіп тірі өлем,

  ​​Жаумай қайтіп, жаумай қайтіп түнерем.

  ​​Тіл тиылмай, жүрек тынбай тынбаймын,

  ​​Өміріммен өтер болды бұл өлең…

Иә, бұл жаны өлеңнен жаралған, өмірі өлеңмен біте қайнасқан, таңы өлеңмен атып, күні өлеңмен батқан, өлеңмен бірге сапар шеккен, өзегінде таусылмайтын өлең ағып жатқан Мұқағали ағамыз. Ақын мен өлең бірін-бірі іздеп тапқандай,оның бүкіл болмыс-бітімі, жан-дүниесі, жүрек соғысы, бәрі-бәрі өлеңнен жаралғандай. Өлеңді-Мұқағалисыз,Мұқағалиды-өлеңсіз елестету мүмкін емес сияқты.

 ​​Поэзия!

  ​​Менімен егіз бе едің?

  ​​Сен мені сезесің бе неге іздедім?

  ​​Алауратқан таңдардан сені іздедім,

 ​​ Қарауытқан таулардан сені іздедім.

 ​​ …Сені іздедім сезімге у шараптан да,

 ​​ Минуттардан іздедім,сағаттан да.

 ​​ Сені іздедім,

​​ Іздеймін тағат бар ма?

  ​​Сені маған егіз ғып жаратқан ба?.-деп,жырлайды ақын «Поэзия» өлеңінде. Иә,егіз емей немене?…үлкен бір құдіретті сезім, күллі әлем әр шумақта өріліп, төгіліп жатыр. Әр жүректің дүрсілін, қуанышын, күрсінуін естисің. Әр жүректің махаббатын, сағынышын, арманын көресің.

  ​​Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?

  ​​Жансыз өлең жанымды алды кілең.

 ​​ Бір ойым жүрегімде қаза болып.

  ​​Бір ойым көмейімді қалды тіреп.

  ​​Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем.

немесе:

  ​​Дәптер жатыр парағы аударылмай,

  ​​Аударылмай шынымен қалғаны ма-ай.

​​Ойлар жатыр еңсемді бір көтертпей,

 ​​Тонна-тонна қорғасын салмағындай,

О, Муза!

Әуреге салғаның-ай!

немесе

  ​​Тіл өнерін,сиқырлы сөз өнерін,

  ​​Оңбайсың сөз өннрін тежегенің.

  ​​Тілден алмас жоғалса,сөзден қанжар,

 ​​ Бұл тірліктен бір күнде безер едім.

  ​​Айтылған жоқ өмірге ғашық әнім,

 ​​Қашан айтам,қашан мен басыламын?

  ​​Айта алмай қалам ба деп ашынамын,

О,Муза!

Мен бір жаққа асығамын…

Бұл шумақтардан ақынның өлеңді сүйген,өмірді сүйген жан толғанысын түсіну қиын емес.Оның өлеңдерінде өр рух, терең философия,сыршыл лиризм жатыр. Ақын өлеңдерін оқып отырып, онымен бетпе-бет сырласқандай күй кешесің. «Жансызға жан бітіріп, тілсізді сөйлеткен» деген осы шығар.

  ​​Жырым көп әлі менің жазылмаған,

 ​​Кенім көп әлі менің қазылмаған.

  ​​Қалдырып болар-болмас қазынамды,

  ​​Неліктен бір күні мен жазым болам.

  ​​Қуалап тіршіліктің көбелегін,

  ​​Қап қойды қапелімде көп өлеңім.

 ​​Жалғызым,жаным менің-жырым менің,

 ​​Қалдырып сені артыма неге өлемін?

 ​​Жазайын,жалықпайын,жасырмайын,

  ​​Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.

  ​​Ал деп ажалға мен бас ұрмайын,

​​  Шоқ шайнап,от бүріккен Қасымдайын!

«Лирика-адамның рухани тарихы»-деп Ә.Тәжібаев ағамыз айтқандай Мұқағали өлеңдерін оқып отырып, оның өмірінен көп мағлұмат алғандай боласың. Ақын өмірі неге қиын?! Не деген кедергісі мен тосқауылы көп соқпақты жол?!Мұқағали жасаған заман халықтың ақ пен қараны ажырата алмай, елдің кімнің соңынан ерерін білмей, коммунистік партияны қолпаштаған ,«ленинизмді» ту еткен кез. Дара тұлғаларымыз «соқыр саясаттың» құрбаны болған тұс. Көп ақындарымыз Ленинді, партияны, октиябрді тынбай асқақтата жырлаған шақ. Сондай кездің өзінде болашақты болжай білген, ертеңгі күннен үміт күткен, қазақта азаттық таңының атарына нық сенген Мұқағали ағамыз былай депті:

     ​​

Қоя тұрыңдар,

     ​​Айтыла жатар арнаулар.

     ​​Аялдай тұрыңдар,

     ​​Асығыстыққа бармаңдар.

     ​​Әлі де талай құлдырау бар да самғау бар,

     ​​Әлі де келер танылмай жатқан тарлан бар.

Ақын өлеңдерінің қайсысын оқысаңыз да, саф алтындай төгіліп тұрған мөлдір поэзия. Оқып отырып, ақынмен бірге қуанып, ақынмен бірге мұңаясың. Қазақтың кең даласында сайран салған,қыр төсінде гүл терген, жалаң аяқ топырақта ойнаған, суға шомылған балалық шағыңа ораласың.

  ​​Таныс өлке,

  ​​Таныс аймақ,

  ​​Таныс маң:

  ​​Анау жерде-құрбылармен алысқам,

  ​​Анау жерде-құрбы жанмен табысқам.

  ​​Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан,

  ​​Таулар әне ұйқтап кеткен данышпан.

  ​​Жолдар анау,шұбатылып шаңы ұшқан,

  ​​Таныс өлке,таныс аймақ,таныс маң!…

Қандай әдемі сурет, әдемі ұйқас, әдемі теңеу. Ауылда өскен қазақтың бар баласына таныс көрініс. Ақын соны шебер тілмен дәл жеткізіп,туған жерге деген махаббат пен сағыныш сезімін әр қазақтың баласына сый еткендей.

  Мұқағали жаны нәзік,сезімтал лирик ақын, өз өлеңдерінде суреттелген жаралы аққу секілді, қазақ поэзиясының биігіндегі ақынның жаралы жүрегіне у сепкен қандай жандар екен деп қынжыласың, жан күйзелісіне күйінесің. Күйіне отырып, болашақ ұрпаққа сенім артқан, келер күннен үмітін үзбеген өр рухты ақын мінезіне сүйінесің.

 ​​ Туады,туады әлі нағыз ақын,

​​ Нағыз ақын бал мен у тамызатын.

  ​​Жесірдің айырылмас сырласы боп,

  ​​Жендеттің көзінен жас ағызатын.

 ​​ Туады,туады әлі нағыз ақын!

  ​​Жыр сөздері жай болып атылғанда,

  ​​Атылғанда, аспаннан оқылғанда.

  ​​Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп,

  ​​Жанар пайда болады соқырларға,-деп,жырлаған ақын сезімі алданбады.1986 жылдың он алтыншы желтоқсандағы жанартаудай әлемді дүр сілкіндірген қазақ жастары куә соған!…Мұқағали ағамыз өмірден ерте кетпегенінде, бұл күнде 85-тің төріндегі аузы дуалы қария болар ма еді?…

  Өкініш!.. Қыршын кеткен ақынымыз-бір ғана Мұқағали ма?…Қасым мен Төлегенді, Қосжан мен Жұмекенді қайда қоямыз!?.. Репрессия құрбандары өз алдына, олар өмірден ерте кетсе де қазақ поэзиясының көгіндегі шоқтығы биік, ірі тұлғалар. «Шоқ шайнап, от бүріккен Қасымдайын»деп,Мұқағалидың өзі айтқандай бірін-бірі толықтыратын тұлғалар, 1967 жылғы «Төлегенге»деген өлеңінде ақын былай депті:

  ​​Тұңғыш көрдім қайтқанын шын ақынның,

  ​​Қаталы-ай жыл дейтін сұрапылдың.

  ​​Сұңқар төсі томпиып қарсы қарап,

  ​​Қаршығадай қылшылдап тұратын кім?!..

 ​​ Енді жоқ азаматым,аймаңдайым,

 ​​ Жоқ болды құмға сіңген айрандайын.

 ​​ Асығыс,ылғи жортып жүруші еді,

  ​​Бетпақтан су іздеген жайрандайын…

  ​​Бармаңдар ақынды жұрт жерлегенде,

 ​​ Көрмеңдер көрдің аузы жабылғанын.

  ​​Көтеріп сендер оны келмегенде,

 ​​ Көмусіз қалмайды ғой,бауырларым!

 ​​ Көмбеңдер!

  ​​Топырақты тастамаңдар!

  ​​Жабыла толтырмаңдар құмды ұраны.

  ​​Ақынды көмсін білмес басқа жандар,

  ​​Басына бармаңдар да,құрбылары!

  ​​Ет жүректің езілмес кезі ме бұл…

 ​​ Жылай білсең,шын жыла!

  ​​Жасыма тек,

  ​​Кезек күтіп тұрғандай сезіне біл,

  ​​Алдыңдағы апанның басына кеп,-деп,ет-жүрегі езіле жырлаған ақын… өзінің де бұл жалғанмен ерте қайыр-қош айтысарын сезді ме екен кім білсін?!.

  1976 жылы өзі де қайтты өмірден, өмірді сүйген, өлеңді сүйген, асқақ сезімнің, өр рухтың иесі болған ақын жүрегі мәңгіге тоқтапты…С.Г.Шаумаян «Әдебиет тек асыл мұратпен,таза ар-намыспен ғана кіруге болатын зәулім сарай»десе,ұлы сыншы Белинский «Поэзия-әдебиеттің мәртебелі түрі»депті. Ал біздің Мұқағали ағамыз сол зәулім сарайдың мәртебелі төрінен орын алды. Мұқағали Мақатаев есімі әдебиет тарихында мәңгіге қалды. Ол-мәңгі қазақтың жүрегінде!…

 

                                                                            Қыздаркүл Омарова

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі,

«Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері.

14 thoughts on “ЕСІМІҢ МӘҢГІ ҚАЗАҚ ЖҮРЕГІНДЕ

  1. Pin-Up [url=https://sites.google.com/view/aviator-spribe/]aviator spribe играть[/url] — игра в интернете, которая позволяет игрокам проверить собственную везение и заработать деньги. Она разработана компанией Spribe, сама занимается на разработке различных игровых автоматов а онлайн-игр.
    Участники могут запускать игру в Aviator Spribe Онлайн казино Pin-Up со своих устройств, включая компьютеры, планшеты и мобильные телефоны. Игра осуществляется на экране, урыкты находится поле с бегущим по ним самолетом. Участники ставят деньги на определенное время, и если самолет перелетает нужное расстояние, них получают выигрыш.
    Одной из ключевых особенностей игры Aviator Spribe являлись то, что ней работает на базе технологии blockchain. Так означает, что все транзакции и данные хранятся в распределенной базе данных, только обеспечивает защиту только прозрачность игры.
    Кроме того, Aviator Spribe aviator spribe — есть разные уровней общей, что делает ее привлекательной для игроков разного опыта игры. Новички могут выбрать более простой уровень и по мере переходить на более сложный, когда будут готов к этому.
    Определенная игроки могут считать, что Aviator Spribe Авиатор игра на деньги похожа на традиционная игровые автоматы, но она предлагает более интересный и разнообразный геймплей. Кроме этого, игра имеет отличную графику и звуковое оформление, что говорю еще больше атмосферы.
    Определенная люди быть сомневаться в безопасности игры на кварплату, однако благодаря разработку blockchain и наличию лицензии у Spribe, игроки могут быть сомневаюсь в том, даже их личные данные и финансовые средствах находятся под надежнее защитой.
    В многом, Aviator Spribe — это интересная так захватывающая игра, которая может принести игрокам радость от игры, но же реальные денежные выигрыши. Компания Spribe Aviator Spribe бонус продолжает развивать и улучшать эту игру, что делает амаинтин еще более хрупкой для игроков со всего окружающего мира.
    avanafil 100 mg prezzo

  2. 163824 83798Soon after study several with the content for your website now, i genuinely as if your technique of blogging. I bookmarked it to my bookmark internet site list and are checking back soon. Pls have a appear at my internet site too and told me if you agree. 164015

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика