Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Каппадокиядан қалыс қалмайды

«Облыста туризмді ілгерілету және дамыту оқиғалы (событийный) туризміне негізделген. Осыған орай, бүгінгі «Konayev international balloon fest» шар фестивалінің іс-шарасы біздің өңіріміздегі айтулы оқиға болмақ, бұл біздің қонақтарымыз үшін табиғаттың сұлулығын тамашалауға тамаша мүмкіндік болып табылады және сіз мұнда бір-біріңізбен танысуға, достық қарым-қатынас орнатуға және ұмытылмас әсер алуға уақыт табасыз. Бүгін таңғы сағат 5-тен бастап фестивальге жиналған көрермендер осындай сұлулықты тамашалауға шабыттанды, тіпті сағат 7-ге таман шарлармен биіктікке шығуға ниет білдіргендердің үлкен кезегі пайда болды. Яғни, осы арқылы біз оқиғалы туризмнің жұмыс істей бастағанын көрсетеміз.

Біз бұл шараға 6 ай бойы дайындалдық, талдай келе, Қазақстанда шарларға арналған іс-шаралар болмағанын көрдік. Әлеуметтік желі қолданушылары түсініктемелерде Қонаев тұрғанда Каппадокияға барудың қажеті жоқ деп жазып жатыр»- деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Өңірдің туристік әлеуетін өңірде кеңінен насихаттау мақсатында «Тенгри ультра» халықаралық Ұлы дала марафоны, халықаралық Іле-Балқаш регатасы өткізілді, «BBC News» халықаралық телеарнасында (450 миллион аудитория) өңірдің әсем де бай табиғаты туралы жарнамалық науқан басталғанын атап өтеміз.

8 thoughts on “Қонаев қаласы Шар фестивалінің ауқымы мен дайындығы жағынан Каппадокиядан қалыс қалмайды

  1. 828353 955165Can I basically say exactly what a relief to get someone who in fact knows what theyre dealing with on the internet. You really know how to bring a difficulty to light and make it critical. The diet should see this and fully grasp this side on the story. I cant believe youre not a lot more common because you undoubtedly hold the gift. 872352

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика