ҚАТЫНКӨПІР ШАҒЫНАУДАНЫНДА БИЫЛ 2 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесуде елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының барысын баяндады.

Бүгінде Абай ауданындағы Қатынкөпір шағынауданы ауыз су және электр жарығымен, табиғи газбен 100 пайыз қамтамасыз етілген.
Өткен жылы 11 көшеге асфальт төселді. Биыл 1 көше (Күмісқазық) асфальттанса, келесі жылы 18 көшеге (Қазақбаев, Хан тәңірі, Теміртау, Низами, Жангелдин, Тоқтаров, Дулатов өткелі, Амангелді, Құралбаев) асфальт төсеу жұмыстары атқарылады.

Шағынауданда өткен жылы 2 көше жарықтандырылса, биыл 2 тағы көшеге (Спатаев, Яссауи) жарықшамдар қою жоспарланып отыр. Келесі жылы 5 көше жарықтандырылады.
Сондай-ақ, биыл балалар ойын алаңшасы, спорт алаңшасын орнату үшін жер телімі қарастырылуда.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова

3 thoughts on “ҚАТЫНКӨПІР ШАҒЫНАУДАНЫНДА БИЫЛ 2 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика