ШЫМКЕНТ ҚАЛСЫНЫҢ ӘКІМІ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙНЫША ЕСЕП БЕРДІ

 

Шымкент қаласының әкімі бүгінгі кездесуді Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен өткізді Наурыз, Ақжайық, Самал-2, Спорт, Отырар, Айқап-Түркістан, шағын ауданы мен «Су Ресурстары Маркетингі» аумағы, Қонаев даңғылы, Байтұрсынов, Қазыбек би, Дулати, Диваев көшелерінің 400-ге жуық тұрғыны келді.

Есепті кездесуге мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов, пен депутаттар және жауапты сала басылары да қатысты.
Мегаполис әкімі М.Әйтенов атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ауданның даму бағытын баяндады. Жыл басынан бері М.Әйтенов ауданды аралау барысында 22 мәселе анықталған. Бүгінде оның 9-ы шешіліп, 13 мәселе орындалу барысында.

Аталған аумақ, яғни аудандағы 1-2 сектор 5 мың гектар аумақта орналасқан. Онда 70 мың халық тұрады. 4 аурухана, 7 мектеп, 22 бала-бақша, 65 аула, 16 спорт алаңшасы бар. Электр, ауыз су, табиғи газбен, интернетпен толық қамтылған. Мұндағы тұрғындарды кәріз жүйесі, көшелерінің қиылысын кеңейту, ретсіз құрылыс секілді мәселелер толғандырады. Кездесуге келгендер осы бағытта сұрақтарын қойды.

Шаһар басшысы әрбір сұраққа жеке жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады. Мұндай есепті кездесу әр тоқсан сайын өтетінін және барлық мәселе ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

One thought on “ШЫМКЕНТ ҚАЛСЫНЫҢ ӘКІМІ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР БОЙНЫША ЕСЕП БЕРДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика