ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ
22 шілде 2023 ж. Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстандағы туризм, медиа, PR, синтетикалық медиа тақырыбында І Халықаралық медиа және туризм форумы басталды. Шараға Қазақстан, Ұлыбритания, Швейцария, Австрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Солтүстік Кипр Түркия республикасы, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден 200-ден астам адам қатысып жатыр. Форумның мақсаты – медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту.
Форумның ашылу салтанатында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев алып, туризмді дамытуда БАҚ-ның маңызы зор екенінайтты: “Екі күн өңірімізге деген назар ерекше болып тұр. Қонаев қаласында қос бірдей халықаралық деңгейдегі шара – Медиа және туризмнің халықаралық форумы және әуе шарларының фестивалі өтіп жатыр. Әлемнің 15-ке жуық мемлекетінің және еліміздің көптеген өңірлерінің БАҚ-ның өкілдері қатысып отырған медиа форумның маңызы зор. Бұл ірі екі шара өңіріміз туралы ақпараттық кеңістікте оң пікір қалыптастырады деген сенімдеміз. Себебі, Алматы облысы үшін туризмді дамыту – бұл маңызды экономикалық фактор”, – деді өңір басшысы.
Облыс әкімінің сөзінше, туризм индустриясы БАҚ-мен, ал қазіргі заманда жаңа медиалар – әлеуметтік желілермен тығыз байланысты.
“Желіге туристік нысан туралы көп ақпарат тараса, сонша көп адам көріп, туристік орындарға келеді деген сөз. Сондықтан да туризмді дамытуға сеп болатын медиа құралдарды дамыту маңызды”, – деді Марат Сұлтанғазиев.
Сонымен қатар ол туризмдегі инфрақұрылым, қызмет сапасын көтеру сынды мәселелерге де тоқталып өтті. Бұл мәселелерді шешу бағытында Үкіметтің қолдауы да жоқ емес.
“Алматы облысында кәсіпкерлер туристік нысандарды салса, шығындарының 10%-ын, жол бойындағы сервистік нысандарды салса 10%-ын, туристік автобустар алса 25%-ын қайтару механизмі қарастырылған. Аталған және басқа да көптеген мәселелерді шешу қазіргі күні әзірленіп жатқан өңірімізде туризмді дамытудың Мастер-жоспарының аясында қарастырылмақ. Бүгінгі шара жемісті болсын”, – деді облыс әкімі.
Халықаралық медиа форумның ашылу салтанатына арнайы келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі форум қатысушыларын құттықтады.
«Баршаңызды Жетісу жерінде Түркітілдес журналистер қоры ұйымдастырып отырған форумның ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматы облысы екіге бөлініп, жаңа облыс орталығы Қапшағай қаласына Д.Қонаевтың есімін беру – тарихи әділеттілік болды. Облысқа алғаш рет келіп отырғандықтан, өңір басшылығын осы тарихи шешіммен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, ел арасында «тарих Шумерден басталады» – деген сөз бар, ал біздің тарихымыз Іле өзенінен басталады. Тіпті, көне түрік күнтізбелік мүшел жыл санауы Іле өзенімен байланысты. Қонаев құрылғалы бері ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Облыс әкімі айтып кеткендей, туризмді дамыту үшін БАҚ-ның ақпараттық насихаты маңызы ерекше. Бүгінгі медиа мен туризмді бір жерге тоғыстырған форум Алматы облысының туризмі дамуына септігін тигізеді», – деді министр.
Шараның ұйымдастырушысы, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы әлемдік туризмнің пандемиядан кейін дамығанын тілге тиек етіп, былтырғы кіріс 1 трлн АҚШ долларға жеткенін атап өтті.
«Алматы облысы – қазақтың ежелгі әдет-ғұрпы, тарихы, салт-дәстүрінің ең басты даму мекені. Сол себепті форум биыл осы жерде ұйымдастырылып отыр. Тамызда Анталиядан журналистер келіп, өңір басшысының қолдауымен бұл жерде тағы да ауқымды шара өтеді. Онда туризмді дамыту, инвестиция тарту секілді мәселелер қарастырылатын болады. Шетелге шығу жақсы,бірақ, Қазақстанның да көрікті жерлері көп, соларды әлеуметтік желіде насихаттап, ішкі туризмді дамытуға шақырамын», – деді қор президенті.
Бұдан кейін журналистер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, министрмен, облыс әкімімен пікір алмасты.
Медиа форумның бірінші отырысы “Қазақстандағы туризм: даму келешегі мен мүмкіндігі” тақырыбында өтіп жатыр
#түркітілдесжурналистерқоры #фондтюркоязычныхжурналистов #turkicspeakingjournalists #turkdilikonusangazetecilervakfi
10 thoughts on “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕДИА ЖӘНЕ ТУРИЗМ ФОРУМЫ”
I always was concerned in this topic and still am, thankyou for posting.
Have you ever thought about publishing an e-book or guest authoring on other sites?
I have a blog based upon on the same topics you discuss and would
really like to have you share some stories/information. I know my readers would enjoy your work.
If you’re even remotely interested, feel free to send me an email.
Hi there! Do you know if they make any plugins to help with SEO?
I’m trying to get my blog to rank for some targeted keywords but I’m not seeing very good results.
If you know of any please share. Many thanks!
367325 426514hi, your web site is truly great. I truly do appreciate your give very good results 153216
Hello! I know this is kind of off topic but I was wondering if you knew where I could find a captcha plugin for my comment form? I’m using the same blog platform as yours and I’m having trouble finding one? Thanks a lot!
548469 583363Hi, you used to write exceptional posts, but the last several posts have been kinda boring I miss your wonderful posts. Past few posts are just slightly bit out of track! 577404
34946 39185I enjoy the look of your internet site. I recently built mine and I was looking for some ideas for my web site and you gave me a few. May possibly I ask you whether you developed the website by youself? 966526
886001 587857This really is really intriguing, You are a very skilled blogger. Ive joined your rss feed and appear forward to seeking more of your magnificent post. Also, Ive shared your web website in my social networks! 354040
Good info. Lucky me I reach on your website by accident, I bookmarked it.
I just couldn’t go away your site before suggesting that I actually loved the standard info a person supply to your visitors? Is gonna be back regularly to check up on new posts.