ТҮРКІСТАН: ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Әділет департаментіне өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 2499 арыз-шағым келіп түскен. Департаментке келіп түскен арыз-шағымдар 2020 жылмен салыстырғанда 13% көбейген. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев мәлімдеді.
«Өткен жылы департамент тарапынан 2896 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ақпараттық жүйелер арқылы электронды түрде – 2653, E-лицензиялау бойынша – 208 қызмет көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша арыз-шағым түспеді және мерзімін кешіктіру фактісі тіркелмеді. Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 200-ден астам үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді» — деді Мұхит Бекетұлы.
Сонымен қатар, 2021 жылы мемлекетке 1 млн теңге көлемінде БАЖ салығы өндірілді. Қазіргі таңда Әділет департаменті азаматтардың заң көмегіне жүгінуі үшін білікті адвокаттарды 64,3%-ға жеткізуді көздеуде. Оған қоса, сот актілерінің орындалу нәтижесінің тиімділігін арттыру да жоспарланған.
АТЖ ақпарат

6 thoughts on “ТҮРКІСТАН: ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика