НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

 

жер көлемі 860 гектарды алатын «нұртас» шағынауданы қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. 16 мыңға жуық халық тұруда. онда 3 537 жеке тұрғын үй мен 8 көпқабатты тұрғын үй бар. бүгінде шағын ауданда жаңадан тұрғындар қоныстана бастаған көшелерді инфрақұрылыммен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.
💡 шағынаудандағы үйлер мемлекеттік электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. ал, жаңақұрылыс аумағындағы көшелерді сапалы электр жарығымен қамту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жыл соңында аяқталады.
🚰ауыз су мәселесі толығымен шешілген.
🔥 ондағы жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерге табиғи газ берілген болса, жаңадан қосылған көшелерде көгілдір отын әзірге жоқ. оларды қамту үшін газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. құрылысы 2022 жылы толық аяқталады.
🛣️ 63 көшенің 53-не асфалть төселген. қалған 6,7 шақырымына шағал тас төселген болса, 4 шақырымы топырақ жол. биыл 3 шақырым топырақ жолға шағал тас төселеді.
💡2021 жылы б.тулкиев (989м), гүлдала зере (5,2км), шертер (789м) және ақбота көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылды. ал, осы жылы маржан тас, хан тәңірі, тасанбаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
🏤шағын ауданда 2 мектеп, 14 бала бақша және 1 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңша бар.
🚌 нұртасқа № 10, 54, 56, 114 қоғамдық көлік қатынайды.

шымкент қалалық мәслихат депутаты, “amanat” партиясының фракция мүшесі сейітжан бақытжан серікжанұлының парақшасынан.

4 thoughts on “НҰРТАС ШАҒЫН АУДАНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

  1. With havin so much content do you ever run into any issues of plagorism or copyright infringement?
    My blog has a lot of completely unique content I’ve either
    written myself or outsourced but it looks like a lot of it is popping it up all over the internet without my authorization. Do you know any
    techniques to help prevent content from being stolen? I’d definitely appreciate it.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика