“Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер қабылдайтын «Shymkent-baspana.kz» сайты ашықтықпен қамтамасыз етіліп, толығымен автоматтандырылған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.
— “Қазіргі таңда осы 7-20-25 бағдарламасы аясында көптеген қаңғу сөздер мен теріс пікірлер айтылып жүргендігі жасырын емес. Қала тұрғындарын сабыр сақтап, мұндай дәлелсіз шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Себебі конкурс толығымен автоматтандырылған портал арқылы жүргізілуде. Тұрғындарға түсіндірмелік жұмыстар жүргізу мақсатында Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында бұл бойынша азаматтарды қабылдау өткіздік. “7-20-25” несиелік бағдарламасына қатысты азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға сала мамандарымен Заң аясында тиісті түсіндірмелік ақпараттар берілді. Өтінім беруші азаматтар әр қайссы жекелей қатысу кезектілік ретін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар аталған азаматтар тарапынан жазбаша түрде өтініштер қабылданып, ресми тіркеуге алынды. Жазбаша келіп түскен өтінімдер басқарма мамандарымен қарауға алынып, Заң аясында тиісті ресми жауап жолданатын болады”,- деді басқарма басшысы Ғалымжан Әмірбекұлы.
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аталған несиелік бағдарламаға өтінімдер қабылдауға автоматтандырылған Shymkent-baspana.kz порталы қолданылуда. Азаматтардың өтінімдеріне сәйкес пәтерлерді бөлуді аталған портал автоматты түрде өзі жүзеге асырады. Бұл орайда ешқандай адами фактор әсер ете алмайды. Бағдарламаға өтінім берушілерге өтінім берген уақыты және кезек реттілігін көруге қолжетімділік қарастырылған. Сондай ақ аталған порталдың толығымен автоматтандырылу жұмыстары цифрландыру басқармасымен жүзеге асырылған. Конкурсқа қатысқан жалпы азаматтардың тізімі Shymkent-baspana.kz порталында жарияланды.
Ағымдағы жылы 7-20-25 бағдарламасы бойынша азаматтарды баспанамен қамту жұмыстарына сәйкес алдағы уақытта қосымша конкурс өткізу жоспарлануда.
Айта кету керек, 2022 жылғы 11 сәуірден жұмыс уақытымен cағат 09:00 ден 15 сәуір сағат 19:00 аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген несиелік тұрғын үйлерге «Shymkent-baspana.kz» сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданған болатын.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы
643607 631491Wow, suprisingly I never knew this. Keep up with good posts. 500512
136334 98671I like this site its a master peace ! Glad I detected this on google . 142047
209410 684138Significant other, this outstanding site is fabolous, i merely adore it 895591
556396 108997When I originally commented I clicked the -Notify me when new feedback are added- checkbox and now every time a remark is added I get four emails with the same comment. Is there any approach you will be able to remove me from that service? Thanks! 168348