Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын аралап, ондағы ерекше қызметті қажет ететін жандардың жағдайымен танысты. Аралау барысында қала басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың оңалту орталығының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Орталық ашылғалы бері осында арнайы емдік оңалту шараларын қабылдап жүрген Ысқақ Айдарбеков қоғамдық жұмыс бойынша мамандарға көмекшілерді жұмылдыру ұсынысын білдірді.
Дәрігерлерге қосымша көмекшілер бөлінсе жақсы болар еді. Қызметтері оңай емес. Бізге жанашырлық танытып мейірім- ықыластарымен қарайды. Ол үшін алғысымды білдіремін. Ерекше шапағаттарының арқасында емнің шипасы да тиіп жатыр. Әрине күресіп, аяққа тұру үшін әр адамның өз талпынысы болуы керек. Өзім омыртқа жарығынан осыдан 10 жыл бұрын арбаға таңылдым. Әлі күнге дейін күресіп келемін,-дейді Ысқақ Айдарбеков.
70 орынға лайықталған орталықта 18 жастан асқан тірек-қимыл жүйесі бұзылған І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға негізгі жеті түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Оның ішінде әлеуметтік психологиялық, медициналық көмектен басқа тұрғын үй, әлеуметтік жәрдемақы алу, құқықтық кеңестер беріледі.
Тауқыметтерін жеңіп шығулары үшін қолдау көрсетіліп, түрлі мәдени іс-шаралар мен қол маторикасын дамыту мақсатында қолөнер туындыларын жасау, кәсіпкерлікке үйрету қарастырылған.
-Өкінішке орай, ерекше қызметті қажет ететін жандар аз емес. Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны 37 мыңға жуық. Оның ішінде 6 мыңнан астамы 18 жасқа дейінгі балалар. Оларға әлеуметтік қолдау көрсету ерекше назарда.Орталықтарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысуымның мақсаты да осында. Өздерінің ұсыныс-тілектерін тыңдап, барынша жағдайларын жақсарту,-деді Ерғали Білісбеков.
Жалпы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жылына 840 адамға дейін қызмет көрсетеді. Физиоемдеу, су, балшық және тұзбен емдеу, гидромассаж, парафин сынды түрлі емдік шаралары бар. Дәрігерлердің айтуынша, қызмет алушылардың оңалту көрсеткіші жоғары.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова.
894059 273861An attention-grabbing dialogue is worth comment. I believe that it is finest to write extra on this subject, it wont be a taboo subject however generally individuals are not sufficient to speak on such topics. Towards the next. Cheers 507942
865152 311290dude this just inspired a post of my own, thanks 948694
I am in fact pleased to glance at this web site posts which
consists of plenty of helpful information, thanks for providing these information.
99829 840689But wanna say that this really is invaluable , Thanks for taking your time to write this. 692485
184612 182796Just a smiling visitor here to share the adore (:, btw fantastic pattern . 297858
193338 461474This web site is really a walk-through it genuinely is the details you wanted concerning this and didnt know who to inquire about. Glimpse here, and youll completely discover it. 772462
Hey there! I just wanted to ask if you ever have any trouble with hackers?
My last blog (wordpress) was hacked and I ended up losing several weeks of hard work due
to no back up. Do you have any solutions to protect against hackers?