КЕЛЕСТЕ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Келес ауданында ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Қазыналы қария – тең қоғам» атты орталық қызметін бастады. Орталықтың ашылу салтанатына Келес ауданының әкіміАқментай Есбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасыШералы Сәрсенұлы және ауданның бір топ қазыналықариялары қатысып, ғимараттың лентасын қиды.

«Мекемені ашудағы мақсатымыз – аудандағы барлық қарияларымыз бен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде қарияларымыз уақыттарынкөңілді өткізіп, емдік және спорттық сауықтырудан өтеді. Мекемеде медициналық және әлеуметтік сала мамандары жәнеспорт инспекторларынан құралған 22 адам қызмет көрсетеді», деді өз сөзінде аудан әкімі Ақментай Үсенұлы.

Басқосуда ел ағалары, зейнеткерлер қолайлы жағдайжасағаны үшін аудан басшылығына ризашылық білдірді. Ашылу салтанаты көңілді әнге ұласып, орталық мерекегебөленді.

АТЖ ақпарат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика