Испанның ұлы жазушысы Бальтасар Гарсиан лайықты өмір сүрудің тәсілдерін зерттеп, кейінгіге мәңгі мұра боларлық ақыл кітабын қалдырған. Кітап бұдан үш жарым ғасыр бұрын жазылғанына қарамастан бүгінгі күнге үндес. Себебі барлық дәуір, барлық ортада адамшершілік қағидалары бірдей. Кітап көп елдердің тілдерінде бірнеше қайтара жарық көрген. Ол әлемдік пәлсапаның інжу-маржандарының бірі.
(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
- ЖАСЫЛ КІТАП БОЛМАУ* Өзгенің кемшілігін ерекше байқай бастау-өз құлдырауыңның айқын белгісі. Басқаларға дақ түсіре отырып, көп адам өзіндегі күйені кетіре алмаса да жасыруға тырысады. Олар осыны көңілге медеу етеді, бірақ бұл-ақымақтардың жұбанышы. Олардың аузы сасық, өйткені олар қоғам былғаныштарын жинайтын орын сияқты. Оны қазбалаған әуелі өзін былғайды. Өтірік-шын болсын әркімнен кір табуға болады: тек бейтаныс адамдардың кемшіліктері ғана белгісіз. Ақылды өзгелердің күнәсін тізуден сақтанады, әйтпесе өз жанын тірідей көметінін біледі.
- АҚЫМАҚТЫҚ ІСТЕГЕН АҚЫМАҚ ЕМЕС, ОНЫ ІСТЕП АЛЫП, ЖАСЫРМАҒАН АҚЫМАҚ Өз құштарлықтарыңды, әсіресе әлсіздіктеріңді құпияда ұста. Бәрі қателеседі, бірақ айырма мынада: қулар істеген ісінен жалтарып кетеді, ал ақымақтар жасамаған ісіне мақтанады. Жақсы атты болу мінез-құлықтан гөрі үнсіздікке байланысты; күнәлі екенсің, тым болмаса сақ бол. Ұлы адамдардың қателіктерін аспан шырақтарының тұтылуы сияқты бәрі байқайды. Өз қателіктеріңді досыңа да ашпа және мүмкін болса оларды өзің де білме. Мұнда көбірек ұмыту сияқты күнделікті тұрмыс ережесі де жарайды.
- БАРЛЫҒЫНДА ЕРКІН БОЛУШЫЛЫҚ Ол абыройды көтереді, сөзге дем береді, істі жандандырады, адамдағы бар жақсыны көріктендіреді. Басқа қасиеттер-бойдың көркі, ал қысылып-қымтырылмаушылық-осы қасиеттердің сәні, тіпті ой жүгіртуде де оны жоғары бағалайды. Негізінен бұл қасиет туа бітеді, ынта-ықыласпен қол жеткізу қиын, өйткені ол бар ережеден биік тұрады. Ол бар нәрседен жеңіл өтеді және ішкі еркіндікті білдіреді. Онсыз сұлулық солғын тартады, сүйкімділікте күш болмайды, ол айбыны, ақылға, даналыққа, тіпті патша ұлылығына тән. Ол қабыл алмауға жағымдылық береді, кез-келген қиындықтан жеңіл шығады.
- РУХ БИІКТІГІ Қаһарманның негізгі белгілерінің бірі, өйткені ол ұлылықты бәріне ғашық еткізеді: талғамға нәзіктік, жүрекке кеңдік, ойға шарықтау, мінезге ізгілік береді және кісіні ұлылыққа бейімдейді. Оны қайда болмасын бірден байқайсың; тіпті күншіл тағдыр қудалағанның өзінде ол жоғары өрлейді, мүмкіндігі шектеулі болса да білектері биік келеді. Ол-кеңпейілділіктің, ізгіліктің және бар қаһармандықтың жұрт таныған бастауы.
- ЕШҚАШАН ШАҒЫМДАНБАУ Шағымдану әрқашан зиянын тигізеді ол аяушылық сезімін оятқаннан бұрын ашу тудырады; ол басқа осындай жәбірге апарар жолды көрсетеді және алғашқы жәбірді білгені екінші жәбірлеуші үшін ақталу болады. Біреулер өздерінің өткенде көрген жәбір-жапасын айтамын деп табалуға ұшырайды, тіпті жек көру туғызады. Одан да басқалардың қолтығына су бүрку ниетімен біреулердің ісін мақтау немесе өзгелерге түрткі болу үшін біреулердің сыпайылығы туралы айту ақылға қонымды. Абайлағыш адам өзінің көрген жәбірлері мен жіберген кемшіліктерін айтпайды, бірақ достарын сақтап жауларын тежеп отыру үшін құлаққа жағымды сөздерді айтуды ұмытпайды.
- ІСТЕГЕН ІСІҢДІ КӨРСЕТЕ БІЛУ Әдетте ішіне үңіліп жатпайды, сыртына қарап бағалайды. Қасиеттерің болып, оларды көрсете білу-абырой: көрінбей тұрған нәрсе жоқ нәрсе сияқты. Түрі келіспей тұрса ақылдың өзі құрмет көрмейді. Өйткені көрегендерге қарағанда алданып қалатындар әлдеқайда көп; алдану басым, бар нәрсе туралы сыртқы бейнесі арқылы ой түйеді және көбі іс жүзінде ойлағандай емес. Келісті пішін-ішкі қасиеттеріңнің көрінісі болсын.
- МІНЕЗ СҰЛУЛЫҒЫ Жанның да өз әсемдігі бар, оның кербездігі-істелген қылықтың тартымдылығы жүректі рахатқа бөлейді. Ол жұрттың бәріне берілмеген, бұл рухтың ұлылығына байланысты. Оның алғашқы белгісі-жауы туралы жақсы пікір айту. Ол әсіресе кек алуды күткен жағдайда жарқырай көрінеді: кек қайтармақ былай тұрсын, бәрі жақсылықпен бітеді-енді өш алады дегенде, кенет ақкөңілділікпен қайран қалдырады. Ол саясатта да пайдалы, тіпті мемлекеттік резонға көрік береді. Мақтануды білмейтін ол, еңбек сіңіріп жеткен жеңісін аңқылдақтығымен жасырады.
- ТОЛҒАНЫП АЛУ Істің алдында ойланып алған әрқашан сенімділік береді, әсіресе бұл табысқа жетері белгісіз істе маңызды. Не бас тарту үшін, не бір тоқтамға келу үшін уақытты соз, мүмкін, басыңа өз шешімңнің пайдасына жаңа дәлелдер келер. Егер мәселе беру туралы болса ұзақ тілегенді көбірек бағалайтынын ұмытпа. Егер қабыл алмау керек болса, онда жоқтың күйінішіне жұмсарту жайлы ойла; әрі тілектің қызуы өткен соң, сұраушысы басылып, бас тартқанға онша қапаланбайды. Тез беруді сұранғанға асықпай бер: үмітін суытасың.
- ЖАЛҒЫЗДЫҚТА АҚЫЛДЫ БОЛҒАНША, КӨППЕН БІРГЕ АҚЫМАҚ БОЛҒАН АРТЫҚ –дейді кәнігі адамдар. Бәрі ессіз болғандықтан, ешкім жазғырмайды. Ал жалғыз ақылдыны ағысқа қарсы жүзгені үшін есуас дейді. Кейде білмеген не білмеген сияқты болып көріну құтқарады. Адамдармен тірлік ету үшін не Құдайға, не малға ұқсау керек. Мен бұл нақылды өзгертіп, былай дер едім: «Жалғыздықта ақымақ болғанша, көппен бірге ақылды болған артық». Кейбірулерге өзінің ерсіліктерінде жалғыз болған ұнайды.
- ӨМІРДЕГІ СҮЙЕНІШТЕРДІ КӨБЕЙТУ-өмірді еселейді. Бір ғана қамқоршың болмасын, өзіңді ешқашан жалғыз нәрсемен шектеме: бәрі, әсіресе, пайданың, рахаттың, қайырымдылықтың көздері қос-қостан болсын. Бәріне тұрақсыздықтың символы айдың өзгергішітігі әсер етеді, бұл опасыз адам еркіне байланысты істерге өте-мөте қатысты. Тұрақсыздыққа қарсы қор жинаушылық көмектеседі: игілік пен жайлылықтың қос бастауы болсын деген тұрмыстың маңызды ережесін ұмытпа. Табиғат біздің денеміздің зақымдануы жеңіл және неғұрлым керекті мүшелерін қос-қостан жаратқаны сияқты, ақылды адам да өз жақтаушыларын біреумен шектемейді.
- ҚАЙШЫЛЫҚ РУХЫН КӨРСЕТПЕ-АҚЫМАҚ ЖӘНЕ ЖЫЛАУЫҚ АТАНАСЫҢ Оған ақылды қарсы қой. Әрине, егер тауып айта білсең, қарсы тұруға болады, бірақ қыңырлық әрқашан жөнсіз. Үнемі айтысатындар ұнамды әңгімені жанжалға айналдырады, олар басқаларға қарағанда өз жақындарына жау: балық етіндегі қылтанақтар сияқты. Осы бір қаскүнем ақымақтарда топастық долылықпен ұштасып жатады.
- НӘРСЕНІ ҰҒЫН: кез-келген істе бірден мәнін аңғару керек. Көп нәрсе жеміссіз дандайсудың бұтағымен немесе қажытатын көпсөзділіктің сабағымен ағып кетеді және мағынаға жетпейді, болмаса бір нүктенің маңында шаршатып жүріп алады, бірақ ең маңыздыға жақындай алмайды. Себеп біреу-ақылдағы бұлдырлық дұрыс жолға түсірмейді. Сөйтіп, уақыт пен төзім елеусіз нәрсеге жұмсалып, басты мәселеге келгенде жетпей қалады.
- ДАНА ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТЕЛЕЙДІ оның бар қасиеті-өзі, ол бәрін өз бойына сіңірген. Егер әмбебап дос Рим мен дүниені алмастыра алса, онда өзіңе өзің осындай дос бол-сонда сен жалғыздықта өмір сүре аласың. Көзқарас пен талғамда ешкімге еліктемейтін саған тағы кім керек? Сен тек өзіңе тәуелдісің, ал бұл жағынан Жоғарғы Иеге ұқсау-зор шаттық. Кім осылай бір өзі өмір сүре алса, сол малға мүлде ұқсамайды, көп жағынан-данаға және бар тұрғыдан Құдайға ұқсайды.
- АРАЛАСПАУ ӨНЕРІ Әсіресе мұны қоғамдық немесе жанұлық теңіз алай-түлей болғанда ұстану керек. Адамдар арасындағы қатынастарда да қызбалықтың құйындары көтеріліп, дауылдары соғып тұрады; мұнда табиғаттың еркіне, адамгершіліктің билігіне берген жөн; ақылды дәрігер дәріні жазып беруді емес, онсыз қалай амалдауға болатынын ойлайды. Тұрмыстағы ауа-райының қолайсыздығында ақылға қонымдысы-дауылдың басылуын күту; қазір шегінсең, кейін жеңесің. Жылға желден де лайланады және су сенің араласуыңсыз тұнады. Шым-шытырықты өз еркіне жібергеннен артық айла жоқ, бәрі ұзамай қалпына келеді.
АТЖ ақпарат
17788 564949Excellent post. I previousally to spend alot of my time water skiing and watching sports. It was quite possible the very best sequence of my past and your content material kind of reminded me of that period of my life. Cheers 188783
586573 74180This plot doesnt reveal itself; it has to be explained. 422412
837450 203264You realize, lots of persons are searching round for this info, you could help them greatly. 415215
619245 949541Most appropriate the human race messages function to show your and present exclusive chance with unique couple. Beginer appear system in advance of raucous folks will most likely always be aware most with the golden value off presentation, which is really a persons truck. best man jokes 296637
607720 889642Right after study some of the content for your site now, i genuinely as if your technique of blogging. I bookmarked it to my bookmark site list and are checking back soon. Pls have a appear at my site too and told me in case you agree. 69809
847916 875083I enjoy searching by way of and I conceive this site got some truly beneficial stuff on it! . 215136
247416 533727Constructive criticism is typically looked upon as becoming politically incorrect. 287680