АБАЙ АУДАНЫНДА 32 ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Абай ауданында 2021 жылы 11 аулаға ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілген. Одан бөлек, 39 спорт алаңшасы мен 21 балалар ойын алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің аудан тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 32 жоба жүзге асырылады.

Осы жоба шеңберінде 17 балалар ойын алаңшасы мен 15 спорт алаңшасы салынады. Бұл үшін 956,1 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Айта кетсек, бүгінгі қала әкімінің кездесуіне Қатын көпір, Солтүстік батыс, Самал-1,2,3, Шұғыла, Нұршуақ, №3,4,8 шағынаудандары мен 112 орам тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында М.Әйтенов әр тұрғынның сұрағына жауап беріп, көтерліген мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтты.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика