«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЖАҚЫПОВТАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

 

Шымкенттің тұрғындары Президент сайлауына әулеттерімен келіп, дауыс беріп жатыр.

Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаты – Жақыповтар әулеті де бүгін сайлауға қатысты. Отбасы мүшелері Қаратау ауданында орналасқан №233 сайлау учаскесінде дауыс берді.

– Әр отбасы – шағын мемлекет. «Отан – отбасыдан басталады» деп жатады. Өз отбасыңдағы іске бей-жай қарамайтынымыз сияқты елдің де ісіне солай жауапкершілік танытқан жөн. Мемлекет дегеніміз не? Мемлекет деген – біз, әрқайсымыз. Сондықтан отбасымыздағы сайлау құқығына ие барлығымыз бүгінгі сайлауға келіп отырмыз. Еліміздің бейбіт келешегі үшін бүгінгі әр сайлаушының даусы маңызды, – деді «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы Жақып Құттыбеков.

Айта кетсек, биылғы «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңіне 16 отбасы жолдама алып, дауыс басымдығымен Қаратау ауданынан қатысқан үміткер, бокстан Әлем чемпионын өсірген Жақыповтар әулеті республикалық кезеңге өткен болатын.

«Шымкент келбеті»
Фото – Серік Қосаев

4 thoughts on “«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ЖАҚЫПОВТАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

  1. I’m curious in how Mantle’s 3D technology manages to deliver such high precision while also offering
    cost savings.
    This could considerably improve the performance and lifespan of tools.

    The ability of Mantle’s 3D technology to manage complex geometries opens up a whole new realm of possibilities for tooling
    design.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика