Шымкентте «Грамад» сауда желісі жаңа дүкенмен толықты. Д.Қазиев көшесінде орналасқан 16-шы сауда нүктесінің ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев қатысты.
Дүкеннің жалпы аумағы 300 шаршы метр. Жобаға 150 млн. теңге инвестиция тартылған.
Дүкен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар, бұл жерде 40-тан астам жаңа жұмыс орындары ашылды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султаналиева.
For most up-to-date news you have to pay a visit world wide
web and on the web I found this website as a most excellent web site for most recent updates.