ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Назарбеков пен Байдібек би көшелері қиылысын ретке келтіруде.

Аталған жол жұмыстары сәуір айынан басталған. Дендросаябақ маңынан Н.Назарбеков көшесінің қиылысына дейінгі Бәйдібек би даңғылының бір бағыты көктемгі жауын-шашыннан жарамсыз күйге түсіп, жолдың жылжуы байқалған. Осыған орай, жөндеу жүретін бөлікті 1 тәулікке жауып, жолдың жылжыған жиегін қайта қалпына келтіріп, қосымша бөгет жасалған.

Жол құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «ДостықСпецТранс» ЖШС.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлының парақшасынан.

One thought on “ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика