Шымкентте Avtobys жүйесі іске қосылды: Қалалық көліктің жаңа мүмкіндіктері

 

Шымкентте қалалық көлік қызметін жақсарту мақсатында инновациялық Avtobys басқару және диспетчерлік жүйесі енгізілуде. Бұл жаңалық тұрғындарға жол ақысын ыңғайлы және жылдам төлеуге бірегей мүмкіндіктер береді және қалалық көлік қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтереді.
Енді шымкенттіктер Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы жол ақысын оңай төлей алады. Сондай-ақ, қосымша мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы басқа жолаушылардың әмияндарына қосымша комиссиясыз аударымдар жасауға болады, сондай-ақ ұялы байланыстан бастап білім мен ойындарға дейін көптеген қызметтерді төлеуге мүмкіндік бар.
Avtobys қосымшасы арқылы әрбір жолаушы өз автобусының бағытын қадағалап, аялдамаға келу уақытын болжай алады, бұл олардың сапарларын тиімдірек жоспарлап, уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда төрт автобус паркінің 552 қалалық автобусы Avtobys жүйесіне қосылған: «УК «Shymkent Bus» ЖШС, «Автоимпульс» ЖШС, «Санжар-Моторс» ЖШС және И.П.Абдуғаниев. Жүйе арқылы күн сайын 12 мыңнан астам адам жол ақысын төлейді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін барлық қалалық автобустарды жаңа жүйеге қосып, қолжетімді төлем әдістерін көбейту жоспарлануда.
Бұл инновациялар барлық шымкенттік жолаушылар үшін заманауи және ыңғайлы жүйе құра отырып, қалалық көліктің жаңа мүмкіндіктерін ашады. Avtobys жүйесін енгізу – мобильділік пен қала өмірінің сапасын жақсарту жолындағы маңызды қадам.
Айта кетейік, жолаушылар жүйе енгізілген барлық қалаларда Avtobys қосымшасы арқылы жол ақысын төлей алады. Ал бұл қазір Қазақстанның 16 қаласы: Астана, Атырау, Ақтөбе, Хромтау, Орал, Ақсай, Бейнеу, Жезқазған, Павлодар, Семей, Екібастұз, Ақсу, Қонаев, Ұзынағаш, Аягөз және Шымкент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика