ТАРИХЫН БІЛМЕГЕННІҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР

Қазақ пен Өзбек тарихы түркі дәуірінен басталады. Өткенді жіті зерделеп, болашаққа бағдар жасау — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы. «Қазақстан мен Өзбекстан тарихы зерттеуінің өзекті мәселелері». Осындай атаумен Шымкентте халықаралық ғылыми конференция болып өтті. М. Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің базасында ұйымдастырылған алқалы жиын қазақ-өзбек ғалымдарының әріптестік байланысын арттырып, қос тараптың тарихын тануға тыңнан түрең салды.

Шымкент қалалық мемлекеттік архив ұжымы ұйымдастырған конференция қонақтары таң-тамаша. Өзбекстан тараптың ғалымдары есіктен енген бойда зор сый-құрметке бөленді. Шымкент жұрты көрші ел қонақтарын паң өнерімен тәнті етті.

Мұнан соң қос ел ғалымдары университет фаесіндегі мұрағат көрмесімен танысты. Сәуле Зейноллақызы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры. Мұрағат саласының жілігін шағып, майын ішкен майталман маман. Бүгінгі шарада ол Солтүстіктің шежіресін һәм тарихын таныстыру мүмкіндігіне ие болды.

Ал, Әнуаржан Әлиев «УЗАРХИВ» агенттігінің жетекшісі. Оның айтуынша, Өзбекстан мұрағат қорында 16 млннан астам архив құжаттары бар. Олар әлі де толық зерттелмеген. Екі ел арасында тарихты түгендеуге бағытталған келісім-шарт бар. Сол құжаттың аясында талай тындырымды тірлік атқарылыпты. «Мәдени мұра» — бағдарламасы баябан елдің бар жақсысын жарыққа шығарған құтты бағдарламаға айналды. Осының арқасында архив саласының өлгені тіріліп, өшкені қайта жанды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, соңғы 10-15 жылдың көлемінде екі жақты құжат алмасу ісі тоқтап қалған. Ештен кеш жақсы. Ендігі мақсат — өзбек ағайынның қорындағы құнды ақпараттарды Ұлттық архив қорына қосу.

Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр. Конференцияның негізі бөлігі – университеттің мәжіліс залында жалғасты. Жиынның әлқисса сөзі – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбекте. Халықаралық мәжіліс екі күнге созылмақ. Ғалымдардың айтуынша, қос елдің мұрағат қорында құпия құжаттар өте көп. Әсіресе, саяси қуғын көрген «Алаш» арыстарына қатысты дерек дәйектерді зерттеу маңызды. Қос тараптың ортақ мүдде, ортақ сақсаты да осы.

3 thoughts on “ТАРИХЫН БІЛМЕГЕННІҢ БОЛАШАҒЫ БҰЛЫҢҒЫР

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика