МӘРТӨБЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

 

Қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуде елді мекендерде атқарылатын жұмыс жоспарларға тоқталып өтті.

Бүгінде Қаратау ауданындағы Мәртөбе тұрғын алабы ауыз су, электр жарығы және табиғи газбен толық қамтамасыз етілген.
2023 жылы Жеңіске 40 жыл (0,6 шақырым), 2024 жылы Дулати, № 1,2 көшелерін (1,5 шақырым) асфальттау жоспарланып отыр. Жол инфрақұрылымын дамыту кезең-кезең бойынша жүзеге асады.

Былтыр 1 көше (Леонова) жарықтандырылды. 2023 жылы 2 көше (Садовая, Қазбелтау), 2024 жылы 2 көшені (Жуков, Атамекен) жарықтандыру жұмыстары атқарылады.
Елді мекенде биыл балалар ойын алаңшасы және спорт алаңшасын салу үшін бос жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика