Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Б. Б. Дембаев: Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау және Жаңаөзен қалаларының әкімдіктері а.ж. 1 мамырда Украинадағы әскери іс-қимылдарға қатысты митингілер өткізуге келісім берген деп жалған хабарламалар таратуда.
Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Бұл күні әкімдік елді мекендердің орталық алаңдарында «Қазақстан халқының бірлігі күнін» мерекелеуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана өткізуді жоспарлап отыр.
Бұдан басқа, митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі — Заң) реттелетініне назар аударамыз.
Тиісінше, Заңды (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып жүргізілген митингілерді ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.
Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл не түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.
Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы
50715 852961Excellent post, thanks so significantly for sharing. Do you happen to have an RSS feed I can subscribe to? 585800
390849 930461Thank you for sharing excellent informations. Your site is very cool. 679749
51031 972920Sorry for the huge review, but Im truly loving the new Zune, and hope this, as properly as the outstanding reviews some other individuals have written, will help you decide if its the best choice for you. 267519
297881 490640Is gonna be back regularly in order to investigate cross-check new posts 937639